1.09.2023ж күні “N4 ЖББМ” КММ - сінде Білім күніне арналған “Мектебім- мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиын өтті. Шараға білім бөлімінің мамандары, қамқоршылық кеңес мүшелері және ата- аналар қатысты. Мектеп басшысы және салтанатты жиынға келген қонақтар білім алушыларды Білім күнімен құттықтап, алдағы өміріне сәттілік тіледі. Шараның ең ғажайып сәті алғашқы қоңырау соғылып, шара барлық сыныптарда “Мектебім- мейірім мекені” тақырыбында сынып сағаттарымен жалғасын тапты. Қамтылғаны: 1100