Сенбілік - айналамызды қоқыс қалдықтарынан тазартып, ағаштардың түбін әктеп, гүлдер егіп, халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс, сонымен қатар ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін әдіс.
Осы орайда мектеп ұжымы да бір үйдің баласындай біріге жұмылып, мектеп айналасындағы ағаштардың түбін әктеп, қоқыстардан тазартты.
Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей ешнәрсе адамдарды біріктіре алмайды.
Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.