«Я хочу выразить слова благодарности всем «мамам» за их благодарный труд и человеческий подвиг. Поблагодарить всех, кто причастен к этому благородному делу. Самая большая награда для нас, чтобы эти дети стали достойными гражданами Казахстана»
Нурсултан Назарбаев
Бұл кездесудің басты мақсаты – 11-сынып оқушыларын кәсіби бағытта дұрыс таңдау жасауға, өздеріне ұнайтын мамандықты анықтауға бағыттау. Сондай-ақ, оқушыларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, олардың болашақта таңдайтын мамандығына қатысты жан-жақты ақпарат беру.
Кездесу барысында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің мамандары
“Менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы, Менеджмент магистрі, “Мемлекеттік және жергілікті басқару” БББ докторантаны Кирбасова Лейла Габитовна мен
“Менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, “экономика” БББ докторантаны, Болашақ халықаралық бағдарламасының стипендиаты Таскараева Майра Бакыбаевна өздерінің оқу орны мен мамандықтары туралы кең көлемде таныстырды. Оқушыларға қазіргі заманғы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, сондай-ақ, оларды меңгеру үшін қажетті дағдылар мен білім деңгейі туралы айтылды. Сонымен қатар, болашақ мамандықтары туралы оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Бұл кездесу оқушылардың болашақ кәсіби таңдауын дұрыс жасауға көмектесіп, олардың мамандық туралы түсініктерін кеңейтті. Кездесуден алған ақпарат оларға университеттер мен мамандықтар туралы тереңірек ойлануға мүмкіндік берді.
2025 жылдың 7 ақпанында мектебіміздің ардагер ұстазы, тәжірибелі маман Махамбетова Илия Хамеевнамен «Ұстаздың ізімен: Математика әлемінде» тақырыбында кеш өткізілді. Бұл шара мектеп түлектерімен қоса оқушыларды біріктіріп, өткен мен бүгінді байланыстыратын маңызды сәт болды. Кездесу барысында 1992 жылғы түлектер қайтадан мектеп қабырғасына оралып, ұстаздарына құттықтауларын айтып, жақсы тілектерін білдірді. Сонымен қатар, Жұбанова Жұлдызай жетекшілігіндегі 10 б сынып оқушылары да өздерінің ақ жарма тілектерін арнап, ұлағатты ұстазға өз алғыстарын білдірді. Мектептің дамуына өз үлестерін қосқан, балаларға білім мен тәрбие беруде көп жылдық тәжірибе жинақтаған Илия Хамеевнаның еңбегі мектеп үшін қашан да бағалы. Бұл кездесудің мақсаты тек естеліктер мен құттықтаулар емес, сонымен қатар ұрпақтар арасындағы байланыс пен ұстаздардың маңыздылығын көрсету болды. Оқушылар мен түлектерге ардагер ұстаз өзінің өмірлік тәжірибесі мен кәсіби бағыттары туралы айтып, білім жолындағы басты құндылықтарды түсіндірді.
2025 жылғы 12 ақпан күні 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Дәулет ауылындағы емханаға экскурсия ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға медицина саласының ерекшеліктері мен дәрігер мамандығының маңыздылығын таныстыру, сондай-ақ болашақ кәсіби таңдауларында дұрыс шешім қабылдауға көмек көрсету. Экскурсия барысында оқушылар емханадағы түрлі бөлімшелерді аралап, дәрігерлермен, медбикелермен сұхбаттасып, олардың күнделікті жұмыс процестерімен танысты. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері жұмыс барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға денсаулық сақтау саласына қатысты қажетті білім мен дағдыларды алу жолдарын түсіндірді. Бұл іс-шара оқушылардың медицина саласына қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандық таңдауларына ықпал еткенін атап өтуге болады.
2025 жылдың 4 ақпанында Маңғыстау облысының Атамекен кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып, Мұнайлы ауданындағы №12-ші өрт сөндіру орталығына, өрт сөндіруші мамандығын тағдаған 9-11 сынып оқушылары экскурсияға барып қайтты. Экскурсияның мақсаты – өрт сөндіру қызметінің жұмысын көрсету, өрт қауіпсіздігі мен сөндіру техникасымен таныстыру. Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндіру техникасымен, өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты. Өрт сөндіру орталығының қызметкерлері өрт сөндіру көліктері мен құрал-жабдықтардың қалай жұмыс істейтіні туралы толық түсінік берді. Сонымен қатар, өрт сөндірушілердің арнайы дайындықтары, өрт сөндіруге дайындық процесі мен оларға жүктелетін міндеттер түсіндірілді. Оқушылар өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігі мен шұғыл әрекет ету дағдыларына, өрт сөндіру кезінде қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Өрт сөндірушілердің жұмыс кезіндегі тәуекелдер мен қауіпсіздік шаралары туралы сұрақтарға жауап берілді. Бұл іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауында, өрт сөндіруші қызметіне деген қызығушылықтарын арттырды.
2025 жылдың 4 ақпанында, теміржол саласын таңдаған 9-11 сынып оқушылары үшін Маңғыстау облысының Атамекен кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып теміржол депосына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты - оқушыларға теміржол жүйесі мен техникалары туралы түсінік беру, осы саладағы жұмыстармен таныстыру. Экскурсияға 15 оқушы қатысты. Олар теміржол депосының ішіне кіріп, вагондарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, қауіпсіздік шаралары мен теміржол көлігінің жұмыс істеу процесі туралы мәлімет алды. Депо қызметкерлері теміржол көліктерінің жұмысын қамтамасыз ету, техникалық тексерулер, әртүрлі жөндеу жұмыстарын қалай жүргізетіні туралы айтып берді. Экскурсияның соңында оқушылар депо қызметкерлеріне сұрақтар қойып, алған білімдерімен бөлісті. Экскурсия оқу процесіне қосымша тәжірибе болып, оқушылардың болашақ кәсіби мамандық таңдауларына ықпал етті.