"Орта білім берудің үздік ұйымы" байқауының тұсаукесері
Мақсаты: Бәсекеге қабілетті және тұрақты өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Бәсекеге қабілетті және кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдер мен оқушылар қатарын көбейту;
Пайымдауы: Мұғалімдер мен оқушылардың білімділігі, бәсекеге қабілеттілігі, интеллектуалдылығы, сыни тұрғысынан ойлай алуы және алған білімдерін кез келген жерде қолдана алуы
Бағдарлама міндеті:
- Сараптаулар мен салыстырмалы талдаулардың мониторингісін жалғастыру;
- Мұғалімдерді оқу-әдістемелік жетелеуді жолға қою. Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасау, озат тәжірибені насихаттау
Күтілетін нәтиже:
- Мұғалімдер мен оқушылардың белсенділігі мен ынтасы артады, сапалы білімге қол жеткізіледі.
- Мектепте мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасалынады, үздіксіз білім жетілдірудің жүйесі қалыптасады.
- Ұжымның шығармашылық ахуалы артады.
- «Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы «Мінсіз мектеп» болудың алғышарттары іске асады.
- Мұғалімдердің сабақ барысында заман талабына сай оқу ресурстарын тиімді, жүйелі қолдануын жүзеге асырады.
- Оқушылар өз бетімен білім алып, өз ойын ашық айта алатын, өзіндік пікірі бар, өзгенің пікірімен санаса алатын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.
- Дарынды оқушылар саны артып, заманауи орта жүйесі жүзеге асады.
- «Білім баршаға қолжетімді» барлық балалар (инклюзивті, үйден оқитын) мектепке түгел тартылып, сапалы білімге қол жеткізеді.
«№ 4 жалпы білім беру орта мектебі» КММ, яғни бұрынғы № 19 орта мектеп 1981 жылы салынған. Маңғышлақ сумен қамтамасыз ету басқармасына қарасты жатақхана ғимараты 1988 жылы 8 жылдық мектеп ретінде іске қосылған (МУВС бұйрық № 163/п 08.09.1988г пос СУ-900). Шевченко халық депутаттарының қалалық атқару комитетінің № 559 06.06.1991 жылғы шешімі негізінде № 19 орта мектеп болып өзгертілді.