Ақпарлама
«N4 жалпы білім беретін мектеп»КММ- сіндегі «Мектеп парламенті» оқушылардың “Өзін- өзі басқару" ұйымының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 23 қыркүйек күні мектепішілік Президенттік сайлауы болып өтті.
🔹 Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
🔸 Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді. Президенттік сайлауға мектеп оқушыларынан ассистенттер тағайындалып, дауыс беру офлайн форматта ұйымдастырылды.
🔸 Сайлауға мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысып, 238 оқушы үміткерлерге дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған мектебіміздің 10 сынып оқушысы Әбілқасым Інкәр мектеп Президенті болып сайланды. Ұйымның алдағы жұмысына сәттілік тілейміз.
# өзін-өзі басқару
#самоуправление
#күшбірлікте
# балаларжылы2022