«N4 жалпы білім беретін мектеп»КММ- сіндегі «Мектеп парламенті» және “Өзін- өзі басқару" ұйымының іс- шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні мектеп Президенті және "Өзін -өзі басқару" ұйымы бойынша жаңа фракция басшыларының сайлауы болып өтті .
🔹 Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
🔸 Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді. Президенттік сайлауға мектеп оқушыларынан ассистенттер тағайындалып, дауыс беру офлайн форматта ұйымдастырылды.
🔸 Сайлауға мектептің 9-11 сынып оқушылары арасынан 13 үміткер қатысып, мектептің 350 оқушысы үміткерлерге дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған мектебіміздің 10 сынып оқушысы Пирнепесова Дәмегүл мектеп Президенті болып сайланды. Қалған үміткерлер фракциялар бойынша жетекші болып тағайындалды. Ұйымның жаңа мүшелеріне алдағы атқаратын жұмыстары мен міндеттері таныстырылды. Ұйымның алдағы жұмысына сәттілік тілейміз.